Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

© Sputnik / Владислав ВодневСейсмологи
Сейсмологи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Өскемен мен Зайсанда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жер сілкінісі кезінде екі адамның жүрегі тоқтап қалды
Бүгін таңертең СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 616 шақырымда орналасқан.

Тереңдігі – 5 шақырым. Энергетикалық санаты 12.9. Магнитудасы MPV 5.8.

Өскемен мен Зайсанда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жаңалықтар
0