Спорт

Батыста Головкинге "Канелодан" үлгі алуға кеңес берілді

Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтуі үшін басты шарт айтылды
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Батыс CBSsports телеарнасының порталы өзінің материалында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі өтуі үшін басты шарт қандай екенін жазды, деп хабарлайды .

"Комиссия, промоутер, "Канело" мен WBC": Головкинге қарсы кімдердің сөзбайласқаны айтылды

"Үшінші жекпе-жек телевидение саласында сұранысқа ие тәуелсіз агент Головкин Альварес секілді DAZN компаниясымен келісімшарт жасасса ғана өтуі мүмкін. Мексикалық жұлдыз карьерасында 11 жекпе-жек пен 365 миллионға күтпеген келісімшарт жасасқан еді", — деп жазылған материалда.

Естеріңізге сала кетсек, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің екі мәрте қарсыласы болды. Олар бірінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен тең түсті, ал реванш кезінде төрешілердің көпшілігі жеңісті "Канелоға" берді.

Тағы оқыңыз:

DAZN спорт трансляцияларының видео сервисі 2016 жылы құрылды. Ол рay-per-view ақылы спорт трансляциялары нарығынан НВО мен Showtime арналарын ығыстырмақ. Бұл өз кезегінде боксшыларға өздері қалаған арнамен ұтымды келісімшарт жасасуға мүмкіндік береді. Әдетте ақылы телеарналар спортшылар үшін тиімсіз шарттар ұсынады.