Спорт

"Комиссия, промоутер, "Канело" мен WBC": Головкинге қарсы кімдердің сөзбайласқаны айтылды

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі журналист Головкинге қарсы кімдердің сөзбайласқан болуы мүмкін екенін айтты

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. BoxingInsider.com журналисі Кен Хисснер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үшін алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды .

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"GGG-ді пайдаланғысы келді": Головкин промоутерімен неге қош айтысуы мүмкін?
Ол Головкин Сауль Альвареспен өткізген жекпе-жекте төрешілер тарапынан екі даулы шешім мен дүниежүзілік бокс кеңесінің "Канелоны" неліктен Джермалл Чарломен жұдырықтасуға міндеттемей отырғанын еске алды. Дүниежүзілік бокс кеңесі "уақытша" чемпионды ұйымның белбеулеріне еш қатысы жоқ қазақстандықпен жұдырықтастырмақшы.

"Бұл — артында Неваданың спорт комиссиясы, Golden Boy Promotions және дүниежүзілік бокс ұйымы тұрған Головкинге қарсы сөзбайласудан да артық әрекет. Бір нәрсені нақты айтуға болады: Головкин ешуақытта Лас-Вегаста жұдырықтаспауы тиіс. Ол жақта төрешілер әділ шешім шығармайды. Жеңіске тек нокаутпен жетуіне тура келеді", — деп жазады автор.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Сауль "Канело" Альварес 2018 жылдың қыркүйек айында реванш өткізіп, кейінгісі төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0