Әлем

Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды

Беларусьте кісі өлтіру, алаяқтық, адам ұрлау және басқа да қылмыстар үшін кінәлі деп танылған екі "қара риэлтор" өлім жазасына кесілді
Sputnik

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Беларусьте алты адамның өліміне қатысы бар "қара риэлторлар" Семен Бережной мен Игорь Гершанковқа өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды МК.

Қытайда 10 адамға үкім шыққаннан кейін бірден өлім жазасы орындалды

Могилев облыстық соты Бережной мен Гершанковты 2017 жылдың шілдесінде өлім жазасына кескен. Оларға алты адамды өлтірді, алаяқтық жасап, адам ұрлады және басқа да қылмыстар жасады деген айып тағылып, кінәлі деп танылды. Кейбір тұрғындарға арақ немесе клофелин препаратын күштеп ішкізіп, тірідей көміп тастаған.  

Сот үкімі ату арқылы орындалды.  

Топтың тағы екі мүшесі – Татьяна Гершанкова мен Борис Колесников 24 және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы алғанда, қылмыстық топ тұрғын үйге қатысты айла-шарғыдан теңгеге шаққанда шамамен 34 миллион теңге кіріс келтірген.

Айта кетейік, Беларусь – Еуропада және ТМД елдерінде өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел. Ең қатаң жаза тек 18 жастан 65 жасқа дейінгі ер адамдарға қолданылуы мүмкін.