АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Қытайда Гуандун провинциясының Шаньвэй қалалық соты 10 адамды өлім жазасына кесті, үкім сол күні жүзеге асырылды, деп хабарлады РИА Новости.
Олардың барлығына есірткіні өндірді, сатты және тасымалдады деген айып тағылды.
"Сот шешімі жарияланғаннан кейін үкімді орындау үшін қарауыл жасағы сотталушыларды жазалау орнына жеткізді", — деп мәлімдеді сот.
Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің ондаған бабы бойынша қарастырылған, олардың басым көпшілігі есірткінің заңсыз айналымымен байланысты.