АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізген америкалық боксшы Ванес Мартиросян Twitter-дегі аккаунтында күтпеген мәлімдеме жасады.
Мартиросян GGG-пен жеке-жек алдында марихуана қолданғанын жазды, деп хабарлады Sports.kz порталы.
"Олар маған GGG-мен жекпе-жек жөнінде қоңырау шалған кезде, менің үлкен кемшілігім болды. Кездесуге дейін бір апта бойы есірткі шектім, ВАДА (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік – Sputnik) мені келесі күні тестілеуден өткізіп еді, тап-таза болып шықтым. Сондықтан тесті алдай аласың, менің ойымша, ВАДА ұстауды емес, қорғауды мақсат тұтады", — деп жазды Мартиросян, бірақ кейін ол өз жазбасын желіден алып тастады.
Ванес Мартиросян мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда рингте кездесті. GGG қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
"Канело" допингті әдейі қолданған жоқпын деп ақталды
Естеріңізге сала кетейік, Головкин Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Осы жекпе-жекке дейін мексикалық боксшының қанынан кленбутерол табылып, жекпе-жектен уақытша шеттетілген еді.