Спорт

Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады

© AP Photo / Chris CarlsonВанес Мартиросян
Ванес Мартиросян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ванес Мартиросян әлеуметтік желіде пост жариялап, кейін оны өшіріп тастады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізген америкалық боксшы Ванес Мартиросян Twitter-дегі аккаунтында күтпеген мәлімдеме жасады.

Мартиросян GGG-пен жеке-жек алдында марихуана қолданғанын жазды, деп хабарлады Sports.kz порталы.

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Тарихта болмаған: "Канело" допинг-тестен өтпегені әшкере болды

"Олар маған GGG-мен жекпе-жек жөнінде қоңырау шалған кезде, менің үлкен кемшілігім болды. Кездесуге дейін бір апта бойы есірткі шектім,  ВАДА (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік – Sputnik) мені келесі күні тестілеуден өткізіп еді, тап-таза болып шықтым. Сондықтан тесті алдай аласың, менің ойымша, ВАДА ұстауды емес, қорғауды мақсат тұтады", — деп жазды Мартиросян, бірақ кейін ол өз жазбасын желіден алып тастады.

 Ванес Мартиросян мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда рингте кездесті. GGG қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

  

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Осы жекпе-жекке дейін мексикалық боксшының қанынан кленбутерол табылып, жекпе-жектен уақытша шеттетілген еді.


Жаңалықтар
0