Спорт

Тарихта болмаған: "Канело" допинг-тестен өтпегені әшкере болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Том Леффлер VADA Головкин мен "Канелоны" екінші жекпе-жектен кейін допинг-тестен өткізуден айнып қалғанын мәлімдеді

АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жектен кейінгі қызық жағдай туралы әңгімелеп берді, деп хабарлады  Sports.kz.

Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Аңыз боксшы Леннокс Льюис GGG мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін болжады

"VADA жекпе-жектен кейін Головкинді кездейсоқ тестен өткізбекші болды. Мен "Канелоны" да тестілеу жоспарға енгізілгеніне сенімдімін. Дегенмен келесі күні допинг-тестілеу тоқтатылды. Алдымен жоспарланып, кейін тоқтатылғаны қызық болып тұр… "Канело" бұл кезде Мексикаға барып, ет жеп, өз "шешімін" тойлап үлгерген болса керек", — деп жазды Леффлер твиттерде.

Осы мәлімдемеден соң кейбір шетелдік баспасөздер мақала жариялап, "Канелоның" допинг-тестілеуден бас тартқанын сынға алды. Кейінірек  Леффлер Metro басылымына берген сұхбатында не айтқысы келгенін түсіндірді:  "Канело" соңғы тестілеуден бас тартты деген жоқпын, оны VADA тоқтатты. Бірақ бұл допинг-тестілеу тоқтатылған алғашқы жағдай".

Естеріңізге сала кетейік, Альварестің екі допинг-сынамасынан клинбутерол табылып, осы жылдың ақпаны мен тамызы аралығында – алты айға бокстан шеттетілген болатын, бірақ оның Головкинмен екінші кездесуі қыркүйек айында өтті. Екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жетті.  


Жаңалықтар
0