АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Болашағынан зор үміт күттіретін қазақ боксшысы Нұрзат Сабыровтың (7-0, 6 КО) 24 қарашада Канаданың Римуски қаласында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Біздің отандасымыз тәжірибелі мексикалық Рокки Монтойиге (32-2, 22 КО) қарсы рингке шығады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады және екінші орташа салмақ дәрежесінде өтпек.
Атап өтсек, 36 жастағы Монтойи бокстағы карьерасын 1997 жылы бастаған, ол кезде Сабыров төрт жаста болатын.
Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңіліп көрмеген боксшы нокауттан кейін қайтыс болды
Сонымен қатар, бұл кеште тағы бір қазақстандық Садриддин Ахмедов (4-0, 4 KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол Мексика өкілі Хозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездеседі. Бірінші орташа салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек әр қайсысы үш минуттық алты раундтан тұрады.