Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

© Sputnik / Асем МиржекееваМейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы америкалық Джамар Фримэн болады: кездесуде NABF Junior чемпиондық белбеуі бәске тігіледі

АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов  (8-0, 7 КО) 13 қазан күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Батыр Жүкембаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық WBC чемпионы 14 рет нокаутпен ұтқан боксшымен кездеседі

BoxRec.com мәліметінше, оған америкалық Джамар Фримэн (15-6-2, 8 КО) қарсылас болады. Жекпе-жекте орта салмақтағы NABF Junior чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.  

Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы пуэрторикалық Анхель Акоста (18-1, 18 КО) мен Мекиска өкілі Абрахам Родригес (23-1, 11 КО) кездеседі. Бокс шоуын Golden Boy және Main Events промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отыр, деп жазды sports.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтанов белгілі америкалық менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырған. Ол Мейірімнен бөлек, өзге де қазақстандық боксшылар: Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО), Сағадат Рахманқұлов (3-0, 1 КО), Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) және Асхат Уалихановтың (4-1, 2 КО) мүддесін қорғайды.   

Жаңалықтар
0