Спорт

Қазақстандық WBC чемпионы 14 рет нокаутпен ұтқан боксшымен кездеседі

© Photo : Vincent Ethier / EOTTMБатыр Жүкембаев
Батыр Жүкембаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүкембаевтың келесі қарсыласы мексикалық Патрисио Морено болмақ

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. 6 қазанда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте (Канада) жекпе-жек өткізеді. 

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Пакьяоны нокдаунға жіберген қазақ Головкиннің шынымен жеңілгенін айтты

Оның қарсыласы мексикалық Патрисио Морено (20-2, 14 КО) болмақ. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, деп хабарлады prosports.kz.

Айта кетейік, Жүкембаев кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін де жеңіспен аяқтаған. 11 кездесуді нокаутпен аяқтады. 

Қазақстандық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хонатан Хосе Эниспен (21-10-1, 8 КО) кездесіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осылайша, Жүкембаев WBC Continental Americas белбеуін ұтып алған еді. 

Жаңалықтар
0