Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшысы 22 рет нокаутпен жеңген мексикалықпен кездеседі

© Photo : Kokeshi75Бокс
Бокс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 қарашада Канаданың Римуски қаласында өтетін бокс кешіне екі бірдей қазақстандық боксшы қатысады

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Болашағынан зор үміт күттіретін қазақ боксшысы Нұрзат Сабыровтың (7-0, 6 КО) 24 қарашада Канаданың Римуски қаласында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жеңілмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Біздің отандасымыз тәжірибелі мексикалық Рокки Монтойиге (32-2, 22 КО) қарсы рингке шығады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады және екінші орташа салмақ дәрежесінде өтпек. 

Атап өтсек, 36 жастағы Монтойи бокстағы карьерасын 1997 жылы бастаған, ол кезде Сабыров төрт жаста болатын.

Сонымен қатар, бұл кеште тағы бір қазақстандық Садриддин Ахмедов (4-0, 4 KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол Мексика өкілі Хозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездеседі. Бірінші орташа салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек әр қайсысы үш минуттық алты раундтан тұрады.

Жаңалықтар
0