Қоғам

Астанаға бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайтып келді

Елордадағы қолайсыз ауа райы әуе кемесіне "Алматы-Астана" рейсін орындауға кедергі болды
Sputnik

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik.  Қазақстан астанасында ауа райының бұзылуына байланысты Алматыдан Астанаға ұшатын әуе рейсі тоқтатылды.

Астанадан ұшып шыққан ұшақ Уфаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуе компаниясының ұшағы бейсенбі күні Алматыдан ұшуы тиіс еді. Дегенмен жолаушылар жоспарын өзгертуге мәжбүр болды. 

"Ұшақ Астана әуежайында ауа райы қолайсыз болғандықтан, қайта оралды. Алайда қалада ауа-райы жақсарып, барлық ұшақ қалыпты режимде ұшып жатыр, соның ішінде аталған рейстің жолаушылары да ұшып кетті", — деп хабарлады Air Astana компаниясының өкілі. 

Елорда әуежайы барлық рейс қабылданып жатқанын растады.

Өткен аптада Алматыдан Куала-Лумпурға ұшып шыққан Air Astana ұшағы қайтып келген болатын. мәліметінше, оған кабинадағы қысымның көтерілуі себеп болған.