АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Астана – Мәскеу рейсін атқарушы ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясының ұшағы Уфаға қонуға мәжбүр болды: жолаушы әйелдің жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұшақ "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 17.00-те ұшып шығып, бір сағаттан кейін жолаушы әйел өзін жайсыз сезіне бастаған – іші қатты ауырып, мазасы кетіпті.
Тағы бір сағаттан соң ұшақ Уфаға қонып, жергілікті дәрігерлер әйелді ауруханаға жатқызды.