АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Қазақстан астанасында ауа райының бұзылуына байланысты Алматыдан Астанаға ұшатын әуе рейсі тоқтатылды.
Air Astana әуе компаниясының ұшағы бейсенбі күні Алматыдан ұшуы тиіс еді. Дегенмен жолаушылар жоспарын өзгертуге мәжбүр болды.
"Ұшақ Астана әуежайында ауа райы қолайсыз болғандықтан, қайта оралды. Алайда қалада ауа-райы жақсарып, барлық ұшақ қалыпты режимде ұшып жатыр, соның ішінде аталған рейстің жолаушылары да ұшып кетті", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Air Astana компаниясының өкілі.
Елорда әуежайы барлық рейс қабылданып жатқанын растады.
Өткен аптада Алматыдан Куала-Лумпурға ұшып шыққан Air Astana ұшағы қайтып келген болатын. Sputnik Қазақстанның мәліметінше, оған кабинадағы қысымның көтерілуі себеп болған.