Әлем

Әбден ашынған әйел күйеуінен ерекше өш алды – тергеушілер аң-таң

Ташкент тұрғынының пәтерінен жалпы алғанда 23 мың доллар және 10 миллион сум ұрланған
Sputnik

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Ташкенттің Шайхантахур ауданында күйеуіне ренжіген әйел оның пәтеріне ұрыларды жібергені әшкере болды.

Қанды кек: той үстіндегі төтенше оқиға 6 адамның өмірін қиды

Өзбекстан астанасы ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел күйеуімен жанжалдасып қалып, ата-анасының үйіне көшіп кеткен. Дегенмен, сүйіктісінен өш алу үшін ол адам жалдап, күйеуінің пәтері мен сейфінің кілтін берген.

Ұрылар жалпы алғанда 23 мың доллар және 10 миллион сум ұрлап әкеткен. 

Осы факті бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 4-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды