Әлем

Қанды кек: той үстіндегі төтенше оқиға 6 адамның өмірін қиды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚан
Қан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Ауғанстанның шығысында Логар провинциясындағы үйлену тойы кезінде жарылыс болып, алты адам қаза тапты, 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Пажвак агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.

Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Зымыраннан қатты үрейленген адамдар үйлену тойын тастап қашты – видео

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша кешкі тоғызда Мохаммед Агха ауданында болған, жарылғыш заттар музыканттар отырған сахнаның астына орнатылыпты.

Аудан әкімшілігінің басшысы Нур Мохаммед Обаидидің сөзіне сүйенсек, оқиғаға жеке басына қатысты өшпенділік себеп болған.

Агенттік мәліметінше, жарақат алғандардың басым бөлігі Кабулдағы ауруханаға жеткізілді. өкілі Шахпур Ахмадзай хабарлағандай, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0