АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстан президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді", — делінген ресми хабарламада.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.