Қоғам

Назарбаев мемлекеттік хатшымен алдағы мерекелерге дайындық туралы сөйлесті

© AFP 2022 / STANISLAV FILIPPOVАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Мемлекеттік хатшы президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы есеп беріп, мерекеге дайындық туралы айтты

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев жолдауды іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды бекітті

"Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстан президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді", — делінген ресми хабарламада.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0