АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент жарлыққа 2018 жылдың 12 қазанында қол қойған.
Бұдан бөлек, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін президент әкімшілігіне жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну жүктелді.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
Тағы оқыңыз: 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?
Тоғызыншы қазанда үкімет президенттің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдады. Жоспарда 6 негізгі міндетті орындау бойынша 100 іс-шара көзделген.