АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Жапонияда 28 жастағы ханшайым Аяко Такамадо 32 жастағы кеңсе қызметкері Кэй Моритоға тұрмысқа шығып, атағынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости Japan Today басылымына сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша, император отбасынан шыққан әйел қарапайым адаммен отбасын құрса, өз атағынан айырылады.
Кэй жарына жаңа өмірге бейімделіп кетуге көмектесуге уәде берді, ал қалыңдық ештеңеге қарамастан бақыттымын дейді.
Үйлену рәсімі бүгін Токиодағы Мэйдзи ғибадатханасында өтті. Оған күйеу жігіт пен қалыңдықтың отбасы мүшелерін қосқанда, 30 шақты адам қатысқан.
Аяко ханшайым Жапония императорының немере ағасы Такамадоның отбасынан шыққан, ал жары – Жапониядағы аса ірі кеме компаниясы NYK Line қызметкері. Екеуі былтыр желтоқсан айында танысыпты.
In Photos: Princess Ayako's wedding ceremonyhttps://t.co/jTQe83JAEr
— The Mainichi (@themainichi) 29 октября 2018 г.