Әлем

Жапон ханшайымы қарапайым жігітке қосылу үшін атағынан бас тартты

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Үйлену
Үйлену - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жапонияда император отбасынан шыққан әйел қарапайым адаммен отау құрса, атағынан айырылады

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Жапонияда 28 жастағы ханшайым Аяко Такамадо 32 жастағы кеңсе қызметкері Кэй Моритоға тұрмысқа шығып, атағынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости Japan Today басылымына сілтеме жасап.

Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
Фото
Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер

Дәстүр бойынша, император отбасынан шыққан әйел қарапайым адаммен отбасын құрса, өз атағынан айырылады.

Кэй жарына жаңа өмірге бейімделіп кетуге көмектесуге уәде берді, ал қалыңдық ештеңеге қарамастан бақыттымын дейді.

Үйлену рәсімі бүгін Токиодағы Мэйдзи ғибадатханасында өтті. Оған күйеу жігіт пен қалыңдықтың отбасы мүшелерін қосқанда, 30 шақты адам қатысқан.

Аяко ханшайым Жапония императорының немере ағасы Такамадоның отбасынан шыққан, ал жары – Жапониядағы аса ірі кеме компаниясы NYK Line қызметкері. Екеуі былтыр желтоқсан айында танысыпты.

Жаңалықтар
0