https://sputnik.kz/20180522/5721267.html
Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер
Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер
Sputnik Қазақстан
Жылдың ең басты үйлену тойы дүркіреп өткенімен, некелесу салтанаты әлі талай уақыт бойы ел ауызында жүрмек 22.05.2018, Sputnik Қазақстан
2018-05-22T14:40+0500
2018-05-22T14:40+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/571/30/5713068_0:563:3499:2543_1920x0_80_0_0_3dc724a0baba3a5eb843b744949a066d.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2018
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/30/5713068_0:427:3499:2627_1920x0_80_0_0_b8af1ecab91646924a5606c7be2b1778.jpg Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, принц гарри мен меган маркл
мультимедиа, принц гарри мен меган маркл
Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер 14:40 22.05.2018 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022 )
Жылдың ең басты үйлену тойы дүркіреп өткенімен, некелесу салтанаты әлі талай уақыт бойы ел ауызында жүрмек
Жас жұбайлар Гарри мен Меган – Сассекс герцогі мен герцогинясы бал айын қайда өткізетіні бәріне қызық.
Көздің жауын алатын қалыңдық көйлегінің дизайнері кім, үйлену тойындағы тәтті тортты кім пісірді және тағы басқа қызықты деректерді фотолентамыздан біле аласыздар.
© REUTERS / HANDOUT Принц Гарри мен Меган Марклдың некелесу салтанаты 19 мамыр күні Виндзор сарайындағы Киелі Георгий шіркеуінде өтті. Үйленген күні принц Гарри Сассекс герцогі атағын иеленді. Бір қызығы, Сассекс герцогинясы бес жылдан кейін ғана ықтияр хат алып, сосын Ұлыбритания азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырады.
Принц Гарри мен Меган Марклдың некелесу салтанаты 19 мамыр күні Виндзор сарайындағы Киелі Георгий шіркеуінде өтті. Үйленген күні принц Гарри Сассекс герцогі атағын иеленді. Бір қызығы, Сассекс герцогинясы бес жылдан кейін ғана ықтияр хат алып, сосын Ұлыбритания азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырады.
© REUTERS / Danny Lawson/Pool Сарай алдына жиналған халықтың қошеметі тақтың алтыншы мұрагері болған – принц Гарриді Ұлыбританияда қаншалықты жақсы көріп, дәріптейтінін көрсетті.
Сарай алдына жиналған халықтың қошеметі тақтың алтыншы мұрагері болған – принц Гарриді Ұлыбританияда қаншалықты жақсы көріп, дәріптейтінін көрсетті.
© REUTERS / Steve Parsons/Pool Үйленгеннен кейін Гарри мен Меганның жұбы жазылмайды – олар бірге іссапарларда жүреді, өйткені жаңа герцог пен герцогиняның басты қызметі – түрлі салтанаттарға қатысу.
Үйленгеннен кейін Гарри мен Меганның жұбы жазылмайды – олар бірге іссапарларда жүреді, өйткені жаңа герцог пен герцогиняның басты қызметі – түрлі салтанаттарға қатысу.
© REUTERS / PHIL NOBLE Некелесу салтанатынан кейін жас жұбайлар Виндзор аумағында ашық күймемен жүріп өтті.
Некелесу салтанатынан кейін жас жұбайлар Виндзор аумағында ашық күймемен жүріп өтті.
© REUTERS / Yui Mok/Pool Үйлену тойына Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және басқа елдердің басшылары шақырылған жоқ.
Үйлену тойына Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және басқа елдердің басшылары шақырылған жоқ.
© REUTERS / DARREN STAPLES Принц Гарри тақ мұрагері болмағандықтан, үйлену тойына қонақтарды өз қалауынша шақырды.
Принц Гарри тақ мұрагері болмағандықтан, үйлену тойына қонақтарды өз қалауынша шақырды.
© REUTERS / Jane Barlow / PA Wire / Pool Меган Марклдың тойда киген көйлегінің құны 135 мың доллар болды.
Меган Марклдың тойда киген көйлегінің құны 135 мың доллар болды.
© REUTERS / Owen Humphreys/Pool Қарапайым болса да, көздің жауын алатын көйлек біреулердің көңілінен шықса, өзгелердің сынына қалды. Тіпті баз біреулер одан саяси нышанды байқапты.
Қарапайым болса да, көздің жауын алатын көйлек біреулердің көңілінен шықса, өзгелердің сынына қалды. Тіпті баз біреулер одан саяси нышанды байқапты.
© REUTERS / HANNAH MCKAY Көйлектің авторы – Givenchy француз сән үйінің креатив директоры Клэр Уэйт Келлер.
Көйлектің авторы – Givenchy француз сән үйінің креатив директоры Клэр Уэйт Келлер.
© REUTERS / Andrew Matthews/Pool Тойдан кейін келесі күні дизайнер қалыңдық көйлегіне қатысты егжейлі-тегжейлі айтып берді
Тойдан кейін келесі күні дизайнер қалыңдық көйлегіне қатысты егжейлі-тегжейлі айтып берді
© REUTERS / Jonathan Brady/Pool Сүйретпе етегі ұзын әдемі көйлек кади жібегінен тігілген.
Сүйретпе етегі ұзын әдемі көйлек кади жібегінен тігілген.
© REUTERS / Owen Humphreys/Pool Меган Марклдың образының ең айшықты бөлігі – ұзындығы бес метр желекке Ұлттар достастығына кіретін 53 елдің символдары кестеленген.
Меган Марклдың образының ең айшықты бөлігі – ұзындығы бес метр желекке Ұлттар достастығына кіретін 53 елдің символдары кестеленген.
© REUTERS / Danny Lawson Қалыңдықтың гүлшоғын жасауға кәсіби флористер ғана емес, Гарридің өзі де қатысты.
Қалыңдықтың гүлшоғын жасауға кәсіби флористер ғана емес, Гарридің өзі де қатысты.
© REUTERS / Andrew Matthews/Pool Үйлену тойы алдында Кенсингтон сарайындағы бақты аралап, бірнеше гүлді таңдаған, олардың арасында принцесса Диананың сүйікті гүлдері – ботакөз, лала және ақгүл бар.
Үйлену тойы алдында Кенсингтон сарайындағы бақты аралап, бірнеше гүлді таңдаған, олардың арасында принцесса Диананың сүйікті гүлдері – ботакөз, лала және ақгүл бар.
© REUTERS / HANNAH MCKAY 95 жыл бұрын королева-ана Елизавета бастаған дәстүрге сай гүлшоғы Вестминстер аббаттығындағы Белгісіз солдат қабіріне қойылды.
95 жыл бұрын королева-ана Елизавета бастаған дәстүрге сай гүлшоғы Вестминстер аббаттығындағы Белгісіз солдат қабіріне қойылды.
© REUTERS / Steve Parsons/Pool Сарайда 600 қонақты қабылдағаннан кейін Гарри мен Меган үйлену тойын достарымен атап өтуге кетті. 1968 жылғы күміс түстес Jaguar көлігіне мінген жас жұбайлар күйеу жігіттің әкесі – Уэльс принці Чарльз ұйымдастырған кешкі асқа аттанды.
Сарайда 600 қонақты қабылдағаннан кейін Гарри мен Меган үйлену тойын достарымен атап өтуге кетті. 1968 жылғы күміс түстес Jaguar көлігіне мінген жас жұбайлар күйеу жігіттің әкесі – Уэльс принці Чарльз ұйымдастырған кешкі асқа аттанды.
© REUTERS / Steve Parsons/Pool Үйлену тойындағы тортты америкалық кондитер Клэр Птак пісірген. Тойдың көркі болған тәттінің құны – 67 мың доллар.
Үйлену тойындағы тортты америкалық кондитер Клэр Птак пісірген. Тойдың көркі болған тәттінің құны – 67 мың доллар.
© REUTERS / Steve Parsons/PA Wire/Pool Бал айын жас жұбайлар күзге қалдырыпты. Болжам бойынша олар Намибияға сафариге аттанады.
Бал айын жас жұбайлар күзге қалдырыпты. Болжам бойынша олар Намибияға сафариге аттанады.
© REUTERS / DAMIR SAGOLJ Алғашқы ресми сапар күздің ортасында басталады. Сассекс герцогі мен герцогинясы өздерін асыға күтіп отырған Австралияға аттанбақ.
Алғашқы ресми сапар күздің ортасында басталады. Сассекс герцогі мен герцогинясы өздерін асыға күтіп отырған Австралияға аттанбақ.