Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойы туралы тың деректер

Жазылу
Жылдың ең басты үйлену тойы дүркіреп өткенімен, некелесу салтанаты әлі талай уақыт бойы ел ауызында жүрмек

Жас жұбайлар Гарри мен Меган – Сассекс герцогі мен герцогинясы бал айын қайда өткізетіні бәріне қызық.

Көздің жауын алатын қалыңдық көйлегінің дизайнері кім, үйлену тойындағы тәтті тортты кім пісірді және тағы басқа қызықты деректерді фотолентамыздан біле аласыздар.

© REUTERS / HANDOUTПринц Гарри мен Меган Марклдың некелесу салтанаты 19 мамыр күні Виндзор сарайындағы Киелі Георгий шіркеуінде өтті. Үйленген күні принц Гарри Сассекс герцогі атағын иеленді. Бір қызығы, Сассекс герцогинясы бес жылдан кейін ғана ықтияр хат алып, сосын Ұлыбритания азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырады.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
1/19
Принц Гарри мен Меган Марклдың некелесу салтанаты 19 мамыр күні Виндзор сарайындағы Киелі Георгий шіркеуінде өтті. Үйленген күні принц Гарри Сассекс герцогі атағын иеленді. Бір қызығы, Сассекс герцогинясы бес жылдан кейін ғана ықтияр хат алып, сосын Ұлыбритания азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырады.
© REUTERS / Danny Lawson/PoolСарай алдына жиналған халықтың қошеметі тақтың алтыншы мұрагері болған – принц Гарриді Ұлыбританияда қаншалықты жақсы көріп, дәріптейтінін көрсетті.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
2/19
Сарай алдына жиналған халықтың қошеметі тақтың алтыншы мұрагері болған – принц Гарриді Ұлыбританияда қаншалықты жақсы көріп, дәріптейтінін көрсетті.
© REUTERS / Steve Parsons/PoolҮйленгеннен кейін Гарри мен Меганның жұбы жазылмайды – олар бірге іссапарларда жүреді, өйткені жаңа герцог пен герцогиняның басты қызметі – түрлі салтанаттарға қатысу.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
3/19
Үйленгеннен кейін Гарри мен Меганның жұбы жазылмайды – олар бірге іссапарларда жүреді, өйткені жаңа герцог пен герцогиняның басты қызметі – түрлі салтанаттарға қатысу.
© REUTERS / PHIL NOBLEНекелесу салтанатынан кейін жас жұбайлар Виндзор аумағында ашық күймемен жүріп өтті.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
4/19
Некелесу салтанатынан кейін жас жұбайлар Виндзор аумағында ашық күймемен жүріп өтті.
© REUTERS / Yui Mok/PoolҮйлену тойына Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және басқа елдердің басшылары шақырылған жоқ.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
5/19
Үйлену тойына Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй және басқа елдердің басшылары шақырылған жоқ.
© REUTERS / DARREN STAPLESПринц Гарри тақ мұрагері болмағандықтан, үйлену тойына қонақтарды өз қалауынша шақырды.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
6/19
Принц Гарри тақ мұрагері болмағандықтан, үйлену тойына қонақтарды өз қалауынша шақырды.
© REUTERS / Jane Barlow / PA Wire / Pool Меган Марклдың тойда киген көйлегінің құны 135 мың доллар болды.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
7/19
Меган Марклдың тойда киген көйлегінің құны 135 мың доллар болды.
© REUTERS / Owen Humphreys/PoolҚарапайым болса да, көздің жауын алатын көйлек біреулердің көңілінен шықса, өзгелердің сынына қалды. Тіпті баз біреулер одан саяси нышанды байқапты.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
8/19
Қарапайым болса да, көздің жауын алатын көйлек біреулердің көңілінен шықса, өзгелердің сынына қалды. Тіпті баз біреулер одан саяси нышанды байқапты.
© REUTERS / HANNAH MCKAYКөйлектің авторы – Givenchy француз сән үйінің креатив директоры Клэр Уэйт Келлер.
Клэр Уэйт Келлер - Sputnik Қазақстан
9/19
Көйлектің авторы – Givenchy француз сән үйінің креатив директоры Клэр Уэйт Келлер.
© REUTERS / Andrew Matthews/PoolТойдан кейін келесі күні дизайнер қалыңдық көйлегіне қатысты егжейлі-тегжейлі айтып берді
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
10/19
Тойдан кейін келесі күні дизайнер қалыңдық көйлегіне қатысты егжейлі-тегжейлі айтып берді
© REUTERS / Jonathan Brady/PoolСүйретпе етегі ұзын әдемі көйлек кади жібегінен тігілген.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
11/19
Сүйретпе етегі ұзын әдемі көйлек кади жібегінен тігілген.
© REUTERS / Owen Humphreys/PoolМеган Марклдың образының ең айшықты бөлігі – ұзындығы бес метр желекке Ұлттар достастығына кіретін 53 елдің символдары кестеленген.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
12/19
Меган Марклдың образының ең айшықты бөлігі – ұзындығы бес метр желекке Ұлттар достастығына кіретін 53 елдің символдары кестеленген.
© REUTERS / Danny LawsonҚалыңдықтың гүлшоғын жасауға кәсіби флористер ғана емес, Гарридің өзі де қатысты.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
13/19
Қалыңдықтың гүлшоғын жасауға кәсіби флористер ғана емес, Гарридің өзі де қатысты.
© REUTERS / Andrew Matthews/PoolҮйлену тойы алдында Кенсингтон сарайындағы бақты аралап, бірнеше гүлді таңдаған, олардың арасында принцесса Диананың сүйікті гүлдері – ботакөз, лала және ақгүл бар.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
14/19
Үйлену тойы алдында Кенсингтон сарайындағы бақты аралап, бірнеше гүлді таңдаған, олардың арасында принцесса Диананың сүйікті гүлдері – ботакөз, лала және ақгүл бар.
© REUTERS / HANNAH MCKAY95 жыл бұрын королева-ана Елизавета бастаған дәстүрге сай гүлшоғы Вестминстер аббаттығындағы Белгісіз солдат қабіріне қойылды.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
15/19
95 жыл бұрын королева-ана Елизавета бастаған дәстүрге сай гүлшоғы Вестминстер аббаттығындағы Белгісіз солдат қабіріне қойылды.
© REUTERS / Steve Parsons/Pool Сарайда 600 қонақты қабылдағаннан кейін Гарри мен Меган үйлену тойын достарымен атап өтуге кетті. 1968 жылғы күміс түстес Jaguar көлігіне мінген жас жұбайлар күйеу жігіттің әкесі – Уэльс принці Чарльз ұйымдастырған кешкі асқа аттанды.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
16/19
Сарайда 600 қонақты қабылдағаннан кейін Гарри мен Меган үйлену тойын достарымен атап өтуге кетті. 1968 жылғы күміс түстес Jaguar көлігіне мінген жас жұбайлар күйеу жігіттің әкесі – Уэльс принці Чарльз ұйымдастырған кешкі асқа аттанды.
© REUTERS / Steve Parsons/PoolҮйлену тойындағы тортты америкалық кондитер Клэр Птак пісірген. Тойдың көркі болған тәттінің құны – 67 мың доллар.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
17/19
Үйлену тойындағы тортты америкалық кондитер Клэр Птак пісірген. Тойдың көркі болған тәттінің құны – 67 мың доллар.
© REUTERS / Steve Parsons/PA Wire/PoolБал айын жас жұбайлар күзге қалдырыпты. Болжам бойынша олар Намибияға сафариге аттанады.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
18/19
Бал айын жас жұбайлар күзге қалдырыпты. Болжам бойынша олар Намибияға сафариге аттанады.
© REUTERS / DAMIR SAGOLJАлғашқы ресми сапар күздің ортасында басталады. Сассекс герцогі мен герцогинясы өздерін асыға күтіп отырған Австралияға аттанбақ.
Принц Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
19/19
Алғашқы ресми сапар күздің ортасында басталады. Сассекс герцогі мен герцогинясы өздерін асыға күтіп отырған Австралияға аттанбақ.
Жаңалықтар
0