АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматы облысында Іле ауданының 90 жылдығына дайындық кезінде №13 мектептің 10-сынып оқушысы қаза тапты.
Qamshy.kz басылымы хабарлағандай, 600 бала қатысқан флешмобтың соңы төбелеспен аяқталып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім пышақталған. Суық қару жүрек тұсына тиген оқушы сол жерде жарты сағат қансырап жатып жан тапсырған.
Анықталғандай, сол күні іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция да, жедел жәрдем де болмапты. Жасөспірім көп қан жоғалтып көз жұмады.
Оқушыны өлтірді деген күдікке колледж студенті ілінді. Бастапқы дерек бойынша, қылмыс жасаған соң қаруды су қоймасына лақтырып, ізін жасыруға тырысқан, алайда көп ұзамай полиция оны қолға түсірді. Қазір студент уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жасөспірім туған анасы мен өгей әкесін пышақтап өлтірді
Қаза тапқан оқушы отбасының жалғыз ұлы екен.