АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қытайда тоғыз оқушыны өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілді.
28 жастағы ер адамға кесілген өлім жазасы бейсенбі күні орындалды, деп хабарлайды РИА Новости. Қылмыскерге өлім жазасын Қытай Халық Жоғары соты санкциялады.
Сжао Цзэвэй 27 сәуір күні Шэньси провинциясы Юйлинь округі Мичжи уезінде оқушыларға шабуыл жасады. Қолына қанжар ұстаған ер адам сабақтан қайтып келе жатқан оқушыларды жарақаттады. Жұма күні тоғыз бала өліп, тағы 12 оқушы зардап шекті.
Қылмыскер өзінің бұл әрекетін бір кездері осы мектепте жүріп қорланғанымен түсіндірген.