Оқиға

Алматы облысында 90 жылдық мерейтойға дайындық кезінде қанды оқиға болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғары сынып оқушысы мерекеге дайындық кезінде пышақ жарақатын алған

АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматы облысында Іле ауданының 90 жылдығына дайындық кезінде №13 мектептің 10-сынып оқушысы қаза тапты.

Қылмыскердің қолы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді

Qamshy.kz басылымы хабарлағандай, 600 бала қатысқан флешмобтың соңы төбелеспен аяқталып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім пышақталған. Суық қару жүрек тұсына тиген оқушы сол жерде жарты сағат қансырап жатып жан тапсырған. 

Анықталғандай, сол күні іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін да, жедел жәрдем де болмапты. Жасөспірім көп қан жоғалтып көз жұмады.

Оқушыны өлтірді деген күдікке колледж студенті ілінді. Бастапқы дерек бойынша, қылмыс жасаған соң қаруды су қоймасына лақтырып, ізін жасыруға тырысқан, алайда көп ұзамай полиция оны қолға түсірді. Қазір студент уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қаза тапқан оқушы отбасының жалғыз ұлы екен.

Жаңалықтар
0