АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Семейде жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен мотоциклшіні жүргізушілер қолға түсіріп, соққыға жықты.
Жол апаты Семей көшелерінің бірінде болды, деп хабарлайды YK-avto.kz.
Интернетте пайда болған видеода екі жігіт мотоциклге мініп, қатты жылдамдықпен келе жатады да, бағдаршамның қызыл жарығын елемей, жая жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып кетеді.
Тоқтап, жәрдем көрсетудің орнына, мотоцикл жүргізушісі кері бұрылып, досымен бірге қашып кетуге тырысқан.
Тәртіп бұзушылардың соңынан бірнеше жүргізуші түсіп, бірі мотоциклшіні шетке ығыстырады. Келіп жеткен басқа жүргізушілер мотоциклшіні ұрып құлатып, полиция келгенше тұрғызбаған сыңайлы. Мотоцикл жолаушысы да таяқ жеді.
Видеода айтылғандай, мотоцикл жүргізушісі мас болған екен.