Оқиға

Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

CC0 / Anja Osenberg / Полицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас күйінде адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен полицейдің ісі бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі

АСТАНА, 9 қазан  — Sputnik. Астанада жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды деп хабарлайды

Агрессия - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды

"Астанада 7 қазан күні ішімдікке тойып алған полиция қызметкері жеке көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақаттанған адам ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сол күні қолға түскен. Сот санкциясы бойынша ол 2 айға қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша ұсталған полицейдің жетекшілері қатаң тәртіптік жазаға тартылады, олар жұмыстан шығарылуы да мүмкін.

Жаңалықтар
0