Өңірлер

Қызды қағып, қашып кеткен мотоциклші соққыға жығылды - видео

CC0 / SplitShire / Мотоциклші
Мотоциклші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызды қағып, қашып кеткен мотоциклшіні жүргізушілер ұстап, ұрып-соқты

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Семейде жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен мотоциклшіні жүргізушілер қолға түсіріп, соққыға жықты.

Жол апаты Семей көшелерінің бірінде болды, деп хабарлайды YK-avto.kz.

Интернетте пайда болған видеода екі жігіт мотоциклге мініп, қатты жылдамдықпен келе жатады да, бағдаршамның қызыл жарығын елемей, жая жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып кетеді.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Тоқтап, жәрдем көрсетудің орнына, мотоцикл жүргізушісі кері бұрылып, досымен бірге қашып кетуге тырысқан.

Тәртіп бұзушылардың соңынан бірнеше жүргізуші түсіп, бірі мотоциклшіні шетке ығыстырады. Келіп жеткен басқа жүргізушілер мотоциклшіні ұрып құлатып, келгенше тұрғызбаған сыңайлы. Мотоцикл жолаушысы да таяқ жеді.

Видеода айтылғандай, мотоцикл жүргізушісі мас болған екен.

Жаңалықтар
0