АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевты аса ірі көлемде мемлекеттік бюджет қаражатын қымқырғаны үшін айыптады.
"Дипломат жауапты мемлекеттік қызмет атқарып жүріп, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің әкімшілік ғимаратын салу кезінде жүргізілген жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінді. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген шығын көлемі 140 миллион теңгеден (379 733 доллар — Sputnik) асты", — деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев
© Photo : ҚР СІМ ресми сайты
Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растап, ведомство осы іс бойынша ресми хабарлама дайындап жатқанын мәлімдеді.
Атап өтсек, Ерік Өтембаев 2016 жылы сәуірде Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып тағайындалған.