Қоғам

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 400 мың доллар қымқырғаны үшін айыпталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дипломат Қазақстан елшілігі ғимаратын салу кезінде атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевты аса ірі көлемде мемлекеттік бюджет қаражатын қымқырғаны үшін айыптады.

Алтай Әбибуллаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Польшадағы Қазақстан елшісі қызметінен босатылды
"Дипломат жауапты мемлекеттік қызмет атқарып жүріп, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің әкімшілік ғимаратын салу кезінде жүргізілген жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінді. Оның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген шығын көлемі 140 миллион теңгеден (379 733 доллар — Sputnik) асты", — деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

© Photo : ҚР СІМ ресми сайтыҚазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев

Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растап, ведомство осы іс бойынша ресми хабарлама дайындап жатқанын мәлімдеді.

Атап өтсек, Ерік Өтембаев 2016 жылы сәуірде Қазақстанның төтенше әрі өкілетті елшісі болып тағайындалған.


Жаңалықтар
0