АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазалануы мүмкін еді, алайда елшінің қандай бұзушылық жасағандығы туралы еш дерек жоқ.
Бұл мәселе ҚР президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комиссия отырысында қаралып, қызметке сай келмеуі туралы ескерту ретінде Әбибуллаевты тәртіптік жазаға тарту ұсыныстарын мемлекет басшысы атына енгізу жайында шешім қабылданған.