Қоғам

Қазақстанның бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК алдағы күндері бірнеше өңірде жел тұрып, көктайғақ болатынын ескертті
Sputnik

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Жамбыл, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бақыт Сұлтанов Астанада қар жаууына байланысты тексеріс жүргізді
Синоптиктердің болжамынша, 15 қазан күндіз, 16 қазан түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Аймақтың оңтүстік-батысында 30м/с дейін күшейеді деп болжануда. 

Дәл осы күндері Тараз қаласында да қатты жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады. 

15-16 қазан күндері Ақмола облысының кейбір аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады деп ескертті синоптиктер. 

Қызылорда облысында 15-16 қазан күндері 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 15-17 қазанда – тұман, көктайғақ. 

Қостанай облысында да тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.