Қоғам

Бақыт Сұлтанов Астанада қар жаууына байланысты тексеріс жүргізді

© AP Photo / Sergei GritsАстана, архивтегі сурет
Астана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Астана әкімі басқаратын комиссия "қар маусымының" басталуына орай қаланың дайындығын тексеріп шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Комиссия көшелер мен жолдарды жинайтын екі ірі мердігерлік ұйымның – "Астана тазалық" және "Астана Зеленстрой" АҚ техникаларын көріп шықты. Екі компанияның да паркі 400 мамандандырылған техникадан асады. Компания басшылығы барлық техниканың қысқы маусымның басталуына дайын екендерін жеткізді. Қызметкерлер штаты да жасақталған.

Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"3 мың пәтер беріледі". Астана әкімі ұстаздарды баспанамен қалай қамтамасыз етпек?

Қар жауған күндері көшеге Есіл ауданы бойынша 526 бірлік техника, Байқоңыр ауданында – 177, Сарыарқа ауданында – 437, Алматы ауданында – 452 техника шығуға дайын. 

 Алда тұрған қысқы маусымға "Астана тазалық" қазірден 20 мың текше метр құмды-тұзды қоспаны дайындап қойды (жуық арада тағы да 8 мың текше метрі дайындалады). Дайын болған реагент ауданның маршруты бойынша әзірленген. 

Шығатын тас жолдарда және қатты қар жауған кезде пайдаланылатын арнайы роторлар да қысқы маусымға дайын.

Астана басшылығы қатысқан жиында аудан әкімдері, мердігерлік ұйымдар, қаланы санитарлық тазалауға кіріскендер мердігерлік ұйым өкілдерінің есебін және аудан әкімдерінің қысқы маусымға дайындығы туралы тыңдады. 

"Біз толықтай дайын болуымыз керек, — деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов. – Коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы тиіс, қалалықтар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеуі тиіс".  


Жаңалықтар
0