Қоғам

"3 мың пәтер беріледі". Астана әкімі ұстаздарды баспанамен қалай қамтамасыз етпек?

© Photo : ming daiПәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы он жылда астаналық ұстаздарға 2,5 мың пәтер берілген

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Астана ұстаздарына 3 мың пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер" атты педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

мектептегі сабақ - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы өсетінін айтты

"Мұғалімдерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне тоқталсақ, соңғы 10 жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында ұстаздарға 2,5 мың пәтер берілді. Өздеріңіз білетіндей, қала көркейіп келе жатыр. Полицейлер, ұстаздар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер және тағы басқаларын арнайы корпустармен қамтығымыз келеді. Елбасының бастамасымен "Бес әлеуметтік бастама" бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осыны ескере отырып мамандарға арналған корпусты салу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге 10 мың пәтер мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Осы пәтердің 3 мыңы ұстаздарымызға арналады деп жоспарладық", — деді Әсет Исекешев.

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы туралы толық ақпарат

Әрі қарай қала әкімі бүлдіршіндердің мектепке дайындығы мәселесіне тоқталды. Қазіргі таңда елордамызда 336 мектепке дейінгі мекеме қызмет жасауда. Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі дайындықпен 81 пайызға қамтамасыз етілген. Қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 1200 орынға арналған 4 балабақша салынып жатыр. Олардың іске қосылуы 2019 жылдың соңына жоспарланған. 2018 жылы қаласы мектепке дейінгі білім беруде жан басына қаржыландырудың жаңа әдісіне көшіп отыр. Соның аясында мемлекеттік тапсырыс 23 мың теңгеден 27 мың теңгеге дейін артты. Өз кезегінде қосымша қаржыландыру сомасы білім беру үдерісін жақсартып, қажетті жабдықтауды қамтамасыз етуге жұмсалмақ.

Мұғалімдердің жалақысы өсе ме және директорлар қанша жылға сайланады?

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек

Сондай-ақ, елордалық орта білім мекемелерінің бүгінгі жағдайына тоқталды. 

"Астанада білім беруге арналған 105 мекеме бар. Ол — 85 мемлекеттік, 15 жекеменшік және тағы 4-еуі республикалық мектептер. Жаңа оқу жылында астаналық мектептерде 155 мыңға жуық бала оқиды деп жоспарлануда. Оның 17-18 мың оқушысы — бірінші сынып оқушылары. Мектепке қабылдау электронды және қағаз жүзінде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда e-astana.kz жүйесі арқылы 14 мыңнан астам өтініш тіркелген", — деді әкім.

Мұғалімдердің үстемақысы қашан және қалай төленеді?

Жаңалықтар
0