АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Синоптиктер 13-15 қазан күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазан айының алғашқы он күнінде Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасы климиттық нормадан 2-5 градус жоғары болды. Бірақ тропосфералық селдің оңтүстік-батыстан солтүстікке бағыт алуына байланысты енді Баренц пен Кар теңізінен ылғалды ауа массалары келетін болады. Яғни ауа райы керісінше суытады.
"Демалыс күндері ауа температурасы төмендеп, қатты жел соғады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында таулы аймақтарда жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін", — делінген хабарламада.