Өңірлер

"Қар аралас жаңбыр және көктайғақ". Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Мария Ващук / Медиабанкке өтуКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның солтүстік аймақтарында қатты күн суытып, көктайғақ болуы мүмкін

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Синоптиктер 13-15 қазан күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Күз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазанда минус 13 градусқа дейін күн суытады

Қазан айының алғашқы он күнінде Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасы климиттық нормадан 2-5 градус жоғары болды. Бірақ тропосфералық селдің оңтүстік-батыстан солтүстікке бағыт алуына байланысты енді Баренц пен Кар теңізінен ылғалды ауа массалары келетін болады. Яғни ауа райы керісінше суытады.

"Демалыс күндері ауа температурасы төмендеп, қатты жел соғады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында таулы аймақтарда жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0