Саясат

Ақорда Назарбаевтың келесі аптадағы жұмыс кестесін жариялады

Мемлекет басшысы Финляндияға ресми сапармен барады, сондай-ақ Бельгиядағы "Азия-Еуропа" форумының саммитіне қатысады
Sputnik

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik.  Ақорданың баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. 

Назарбаев: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр

Қазақстан президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.