АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Қазақстан президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.
Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.