АСТАНА, 10 қазан –Sputnik. Орыс православ шіркеуінің өкілі Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кириллдің құттықтауын оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өкінішке қарай,экстремистер мен террористер жалған діни ұрандармен жазықсыз жандардың өмірін қиюда. Олардың бар мақсаты халықтың бірлігін бұзу. Мұндай әрекеттерге жауап ретінде біз экстремизмге жол жоқ екенін қайталап айтамыз. Етене ынтымақтаса отырып жұмыс істегенде ғана терроризммен күрес тиімді болады. Біз әскери қақтығыстар салдарынан зиян шеккен Сирия мен Иракты қалпына келтіру жұмысына қатысып, өз үлесімізді қосуымыз керек", — деп оқып берді Орыс православ шіркеуі Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланысы бөлімінің төрағасы митрополит Волоколамский Иларион әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде.
Ол мемлекеттердің басқа елдердің ішкі ісіне араласуы тәртіпсіздік пен соғысқа жол ашып, экономикалық,әлеуметтік және академиялық құрылымды бұзатынын атап өтті.
"Біз террористердің аузынан қасиетті жазбалардан үзіп алынған сөздерді естиміз, алайда кез келген діни оқу зорлық-зомбылықты айыптайды. Террористер діни киімге оранып жүрсе де, шайтанның құлдары болып қала береді",- деді митрополит.