Қоғам

Митрополит: Террористер діни киімге оранып жүрсе де, шайтанның құлы болып қала береді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМитрополит Волоколамский Иларион
Митрополит Волоколамский Иларион - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Митрополит Иларион мемлекеттердің басқа елдердің ішкі ісіне араласуы тәртіпсіздік пен соғысқа себеп болатынын айтты

АСТАНА, 10 қазан –Sputnik. Орыс православ шіркеуінің өкілі Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кириллдің құттықтауын оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр

"Өкінішке қарай,экстремистер мен террористер жалған діни ұрандармен жазықсыз жандардың өмірін қиюда. Олардың бар мақсаты халықтың бірлігін бұзу. Мұндай әрекеттерге жауап ретінде біз экстремизмге жол жоқ екенін қайталап айтамыз. Етене ынтымақтаса отырып жұмыс істегенде ғана терроризммен күрес тиімді болады. Біз әскери қақтығыстар салдарынан зиян шеккен Сирия мен Иракты қалпына келтіру жұмысына қатысып, өз үлесімізді қосуымыз керек", — деп оқып берді Орыс православ шіркеуі Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланысы бөлімінің төрағасы митрополит Волоколамский Иларион әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде.

Ол мемлекеттердің басқа елдердің ішкі ісіне араласуы тәртіпсіздік пен соғысқа жол ашып, экономикалық,әлеуметтік және академиялық құрылымды бұзатынын атап өтті. 

"Біз террористердің аузынан қасиетті жазбалардан үзіп алынған сөздерді естиміз, алайда кез келген діни оқу зорлық-зомбылықты айыптайды. Террористер діни киімге оранып жүрсе де, шайтанның құлдары болып қала береді",- деді митрополит.

Жаңалықтар
0