Оқиға

Қарағандыда полицей көлігімен жас жігітті қағып өлтірді

Полиция қызметкері жеке көлігімен келе жатқан, қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды
Sputnik

ҚАРАҒАНДЫ, 1 қазан – Sputnik. Жол апаты 30 қыркүйекте түнде болды. Шахтинск тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірді

ІІМ Қарағанды облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының полицейі, сержант BMW маркалы жеке көлігімен Шахтинск тұрғынын қағып кеткен. Оқиға 30 қыркүйекте түнде Шахтинсктен сегіз шақырым қашықтықта болды. 

25 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Соңғы мәліметтер бойынша, сержант қамауға алынбаған, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.