ҚАРАҒАНДЫ, 1 қазан – Sputnik. Жол апаты 30 қыркүйекте түнде болды. Шахтинск тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
ІІМ Қарағанды облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының полицейі, сержант BMW маркалы жеке көлігімен Шахтинск тұрғынын қағып кеткен. Оқиға 30 қыркүйекте түнде Шахтинсктен сегіз шақырым қашықтықта болды.
25 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Аялдамада тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып өлтірді
Соңғы мәліметтер бойынша, сержант қамауға алынбаған, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.