Оқиға

Қазақстан азаматы Түркия әуежайында өз-өзіне қол салды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Стамбұл қаласындағы Ататүрік әуежайында Қазақстан азаматы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Gokyuzu Haberci.

Басылымның ақпаратынша, суицид жасаған 37 жастағы ер адам Қазақстан азаматы. 

Қостанайда 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады

"Ол бірден ауруханаға жеткізілді, алайда ауруханаға барар жолда оның жүрегі тоқтап қалды", — делінген сайтта. 

Басылым хабарлағандай, қаза тапқан ер адам мас болған. 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын анықтап жатыр. 

"Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтап жатырмыз. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", — деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров. 

Бұған дейін Түркия әуежайында суицид жасаған адам Қырғызстан азаматы екені хабарланған еді.