Оқиға

Қазақстан азаматы Түркия әуежайында өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Ирина Попова / Медиабанкке өтуСтамбұл әуежайының архивтегі фотосы
Стамбұл әуежайының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Стамбұл қаласындағы Ататүрік әуежайында Қазақстан азаматы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Gokyuzu Haberci.

Басылымның ақпаратынша, суицид жасаған 37 жастағы ер адам Қазақстан азаматы. 

Полицей көлігінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады

"Ол бірден ауруханаға жеткізілді, алайда ауруханаға барар жолда оның жүрегі тоқтап қалды", — делінген сайтта. 

Басылым хабарлағандай, қаза тапқан ер адам мас болған. 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі істің мән-жайын анықтап жатыр. 

"Қазір оқиғаның анық-қанығын анықтап жатырмыз. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", — деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров. 

Бұған дейін Түркия әуежайында суицид жасаған адам Қырғызстан азаматы екені хабарланған еді.

Жаңалықтар
0