АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қостанай облысында 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады, деп хабарлады "Костанайские новости".
Трагедия Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылына жақын маңда болған.
Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
"28 желтоқсан күні Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылынан 5 шақырым жердегі жазықта «Шевроле-Нива» автокөлігінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60 жастағы ер адам аңшы мылтығымен 47 жастағы әйелді атып тастап, артынан өзін атқаны анықталды", — деп хабарлады баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.