Оқиға

Жамбыл облысындағы ауылда мас адам көршілерін атып тастады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстың себептері анықталуда

АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Ұланбел ауылында мас адам көршілерін басынан атып өлтіріп, тағы бір адамды жарақаттады, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда екі әйелді өлтірген адам 33 жылдан соң ұсталды

Полиция мәліметінше, екі кісінің өлімі 21 қыркүйекте болған. Кешкісін АІІБ-не келіп түскен хабарламаға сәйкес, Ұланбел аулының 40 жастағы тұрғыны Ж. мас күйінде көршілері – 49 жастағы М. мен 44 жастағы К. Басынан атып өлтірген.

Сонымен бірге 16 жасар М. аяғынан жарақат алып, Мойынқұм ауданы орталық ауруханасына жатқызылды.

"Күдікті №16 үйдің жанынан табылған, полиция көлігін көріп, қылмыскер оқ атады. Қаруды қайта оқтауға жол бермес үшін, көліктің рөлінде отырған полиция подполковнигі Мақсат Жаманқұлов өмірін қауіпке тігіп, көлікті атқышқа қарай бұрады. Соққы салдарынан қылмыскер қаруын түсіріп алып, қаша жөнеледі, бірақ полиция қызметкерлері оны ұстады", — деп хабарлады ІІД.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір күдікті Шу аудандық уақытша ұстау изоляторында отыр.

Жаңалықтар
0