Өңірлер

Қарағандыда екі әйелді өлтірген адам 33 жылдан соң ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыдағы екі әйелдің өлімі 30 жылдан астам уақыттан соң анықталды

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда полицейлер кеңес дәуірінде болған екі кісі өлімінің мән-жайын анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Әйел - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ШҚО тұрғыны он бес жыл бұрын кісі өлтіргенін мойындады

1984 жылы 23 жастағы күдікті жас әйелдің үйінде қонақта болған. Тергеу бойынша, екеуі бірге ішімдік ішіп, жанжалдасып, күдікті үй иесі мен оның 23 жастағы құрбысын өлтіріп, оқиға орнынан кетіп қалады, ал пышақты лақтырып кеткен. 

"ҚазССР ІІМ милициясы оқиға орнынан 11 саусақ ізін тауып, 9-ының кімдікі екенін анықтаған, ал қалған екеуі кімге тиесілі екенін біле алмапты. Жақында күдікті ІІБ есепке алынып, сол жерде саусақ іздері базаға енгізілген", — деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, бұрынғы қылмыстарды ашу үшін саусақ іздері қылмыстық базаға енгізіледі. 

"Саусақ іздерін салыстыру барысында, 1984 жылы болған кісі өлтіру қылмысындағы саусақ іздері Қарағанды қаласының 56 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды", — делінген хабарламада. 

Жедел қызметкерлер күдіктіні анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0