Қоғам

Астана қаласы мен үш облыста дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, ертең Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады
Sputnik

АСТАНА, 27 қыркүйек— Sputnik.  "Қазгидромет" РМК Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстары мен Астана қаласында дабылды ескерту жариялады. 

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

28 қыркүйек күні күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

27 қыркүйек кеше қарай және 28 қыркүйекте күні бойы Қостанай облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады.  

28 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады деп болжануда, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады. 29 қыркүйекте кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.  

Астана қаласында 28 қыркүйек күні таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.